№189 орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Белкөл кентінде орналасқан.
- 1995 жылы Қызылорда қаласының Белкөл кентінде 624 орындық орта мектебі ашылды.
- Белкөл кентінде алғашқы мектеп Батыс Қазақстан темір жолы басқармасының
№6 мектепке қарасты бастауыш мектеп болып жұмыс атқарды.
- 1994 жылы Белкөл станциясындағы №5 бастауыш мектеп болып ашылды.
- 1995 жылы №5 орталау мектеп болып жұмыс жасады.
- 1996 жылы Қызылорда қалалық білім бөліміне қарасты мектеп болып, құжаттары қайта жасалды.
- 1998 жылдың 16 қаңтарынан бастап №189 орта мектеп статусын алды.
Осы мектепте мектеп директоры қызметіндегі еңбек өтілім – 1 жыл 10 ай.
Мектепте 97 мұғалім, олардың ішінде жоғары білімді мұғалім - 82 (86%), арнаулы орта мұғалім - 15 (14% ), жоғары санатты (педагог-зерттеуші) -11 (18,6%), бірінші санатты (педагог-сарапшы) - 33 (41,8%), екінші категориялы (педагог-модератор) - 20 (24%), санатсыз -13 (15%), 9 жас маман, 31 кіші қызметкер еңбек етеді.
Мектебімізде 26 оқу кабинеті бар: 1 мультимедиалық кабинет, 1 информатика кабинеті, 1 физика кабинеті зертханасымен, 1 биология және химия кабинеті зертханасымен, 1 ұлдар шеберхана кабинеті бар. Сонымен қатар 1 кітапхана, 1 алғашқы әскери дайындық кабинеті бар.






